03.06.2022
  196


Автор: Ескен Елубаев

КIМНЕН ҚОРЫҚТЫ?

Үшiншi класта оқитын –
Нұрлан,
Екiншi класта оқитын –
Құрман,
Бiрiншi класта оқитын –
Нұрман,
Балабақшаға баратын –
Құрбан,
Жəне де бiр қыз далада
тұрған...
Дүркiреп бəрi
қашып келедi,
Азар да безер, сасып келедi.
Қорқып жүргендерi –
құйттай күшiк!
Қашып жүр бəрi
жүректерi ұшып!
Құйттай күшiктiң алдына түсiп!
Болады екен-ау,
мұндай да қызық,
Балалар едi шетiнен бұзық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу