03.06.2022
  111


Автор: Ескен Елубаев

ТҮЙЕ НЕГЕ КӨҢIЛСIЗ?

Ой-һой, шiркiн, көктем,
Салтанатты неткен!
Жатыр əне – мысық,
Баурында төрт мысық.


Iлесiп жүр итке
Бақандай бес күшiк.
Мынау жүрген – шошқа,
Он бес торай тауып.
Қасында отыз шөже
Анау жүрген – тауық.
Сиырда – бiр бұзау,
Қойда – қозы егiз.
Қоқырайып қаз тұр,
Балапаны сегiз.
Апанында – қасқыр,
Бөлтiрiгi алты.
Аюда – үш қонжық
Əдеттегi қалпы.
Көңiлсiз ғой түйе,
Неге жүр ол жалқы?
Екi жылда бiр рет
Боталайтын салты.
Бота таппай бұл жыл,
Түйе содан тұнжыр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу