03.06.2022
  121


Автор: Ескен Елубаев

КIМ МОМЫН?

(Мысал)
– Дүниеде кiм момын?
– Момын болса – мiнi оның!..
– Бұл заманда ендеше
Қиын дей бер күнi оның!..
– Тимес жанға залалы,
Жоқ, арамдық амалы,
Дүниеде –
Қой момын,
Қарапайым, адалы...
– Келiссеңдер, халайық,
Осы ұйғарым,
Таралық! –
Деген кезде айқайға
Салды келiп
Қарақұрт:
– Бұл пiкiрдi ендi қой,
Қойды момын дейдi ғой!
Нағыз жауыз –
Осылар!
Бiздi қуып жейтiн – Қой!..
Көптiң бiтпей даулары,
Егес қайта қаулады.


Момын деген қойдың да
Болады екен жаулары!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу