Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  183


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

О, өмір!..

О, өмір!..
түсіне алмай қандайыңды,
Тағдырға тірегенде
маңдайымды,
«Жақсы сөз-жарым ырыс»
көгершіндей
Ұшып кеп,
жеңілдетті жағдайымды.
Көңілге «көңіл сұрау»
Әл береді,
Әлемі көкіректің
әрленеді...
Жалыны жүрегіңнің
жоғаларда,
Жанашыр лебізі екен
бар керегі.
Жатқанда
ой-қиялың өрістемей,
Қияда қиындықпен
көріспегей!?
«Жақсы сөз-жарым ырыс»,
жанашырлар
Көтеріп кетеді екен
періштедей!..
Жанашыр– үлкен келді,
кіші келді,
Алғаймын
ақ ниетті кісілерді!..
Адасып
ақ бұлттардың арасында
Жүргенім
ұйқылы-ояу түсіме енді...
Жанашыр
жығылғанда демеп Мені,
Көңілді көтеруге
өбектеді...
Адамға бір жақсылық
жасау үшін,
жалғыз ауыз
жылы сөз керек, тегі!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу