Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  116


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Көктем келді...

Көктем келді,
қасат қар есіледі,
Көктем келді,
ескек жел есіреді.
Көктем келді,
көк-жасыл дүниені
Жанарына арудың
көшіреді...
Көктем келді,
қалың қар сөгіледі,
Бусанады
ауылдың төңірегі.
Көктем келді,
көл-көсір күлкі лебі
Кеудесінен
арудың төгілдеі.
Көктем келді,
қызғалдақ құлпырады,
Күн көзіне
тіршілік ұмтылады.
Көктем келді
махаббат жырын алып,
Жанарында
арудың мұң тұнады.
Көктем келді,
кең дала бусанады,
Жанға жылы
жұмбақ түн жусағаны?!


Көктем келді,
арудың демін жұтып,
Сағыныштың әдемі
сусағаны...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу