Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  77


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Кеуделер - ай...

Кеуделер-ай,
көтеріліп-басылған,
Мақтағанда
тау суындай тасынған.
Қуаныштың
кіріп кетсе қойнына,
Жан-жүрегі
шұғыладай шашылған.
Кеуделер-ай,
көтеріліп-басылған,
Арай таңның
ажарындай ашылған.
Шаттығының
шапанына оранып,
Қиял құсын
қияндарға асырған.
Кеуделер-ай,
көтеріліп-басылған,
Баянсыздың
беделіне бас ұрған...
Жара түссе жүрегіне
жаза алмай,
Көзден ұйқы,
көңілден күй қашырған.
Кір шалмасын десең
күміс Күн бетін,
Бақытыңды
байламасын «бүрге-түн»...
Тіршіліктің
бір қалыпты тынысын
тарылтпауың
Тәңір алды міндетің!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу