Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  105


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жүрегіммен сырласу

Дүрсілдеме,
жүрегім, дүрсілдеме,
Мұнарыңды
мұң басып күрсінбе де!..
Ақ желкені
айдында ағараңдап,
Тау толқынның
жалында жүрсін Кеме.
Кеме– Менмін,
Өлеңім– желкенісің,
Өмір сүрдім
көңілдің көркемі үшін.
Көк теңізді
барамын көктей өтіп,
Жағадағы
жандардың өртеп ішін.
Тірлік тәтті
тамсанып түйіндесең,
Күле алмаған
бақытқа күйінбе, Сен!
Жартыкештеу
жалғаның жаланады,
Жұтыласың
Тәңірге сүйінбесең?!
Бақытқа да,
сорға да бас ұрасың,
Тасынасың,
тымырсып басыласың.
Өзегіңді
өртеген өкінішті
Жүрегіңнің
түбіне жасырасың.
Шәу тартқаннан,
жүрегім, шалдығасың,
Сүюші едің
көктемде таң құласын...
Сезімімді
сүйретіп әкетіпсің,
Ой орманын аралап,
қаңғыбасым.
Алаңы жоқ
өмірдің алжығасын..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу