Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  84


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жан иесі...

Жан иесі,
аша берме көмейдегі
аранды,
Тіршілігің түгі түсіп,
ту-талақай таланды!..
Тағдырыңның түнегіне
тұншығасың,
Жарық жоқ!
Бұ дүние,
О дүние...
екеуі де қараңғы.
Күн санадым,
ай санадым,
өмірде өрге өрмелеп,
Диірменнің
тасындай-ақ
өтті ғұмыр дөңгелеп?!.
Арманымды
алақанда аяладың,
туған жер,
Сен болмасаң,
бақытымның
бесігін кім тербемек?!!
Сені еске
алған сайын
сағынышым артады, Кеңге салып
Жүріппін ғой
асықпай-ақ арқаны.
Қыраттарың,
ойпаттарың
қызғалдағы құлпырған
балалықтың
базарына
қызықтырып тартады.
Ойхой, шіркін,
сол кездегі
мөлдіреген мойыл ма?!.
Тоймаушы едік
құрша ойнап,
ертелі-кеш ойынға...
Жүрегіңнен
Жүрегіме
Жалын құйып қайтамын,


Таусылмайтынкүш-қуатың
ұланыңның бойында!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу