Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  119


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сағыныштың сазы сыңсып

Сағыныштың сазы сыңсып Сырнайлы,


Сар далада сапырылып
жүр қайғы...
Шағылдағы
сағым елес шалықтап,
үкіленген
үмітіңді ұрлайды.
Бойы биік бейнең
сағым ішінен
бұлдырайды,
мойынын да бұрмайды.
Көңіліңде
күй ойнайды күмбірлеп,
Домбыраның
қос шегінде дүлдүл леп...
«Ақсақ құлап»,
«Кісен ашқан», «келіншек»
тоғысады толқын-толқын
бір-бірлеп.
Сезімдегі
сүріленген сағыныш
белгісіздік
бақшасында тұр гүлдеп.
Сағым қуған
сана сарсып сарғайып,
Ағын суда
аунап түссе сал-қайық,
Төңкерілген тірлігіңнен
түңілсең,
бір өзіңнен басқаларға
салма айып...
Қасіреттің
сыпыратын көйлегін
көлеңкесіз қасиеттер
барлайық!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу