Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  92


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Мен білемін жүрегіне жол алып...

Мен білемін жүрегіне жол алып,
Жатқанымды жылуына оранып...
Төндіремін көк аспанның күмбезін,
Ашқан кезде күн көзін...
Сөндіремін шала жанған шырағын,
Қайшыласа қос құлағын Пырағым!
Қалса дағы тағы тірлік тоналып,
Махаббатым соғады бір оралып...
Ол анық!
Мен сезінем...
Іздеген бір жан барын,
Қиялдаумен атқызатын таңдарын.
Жалаңаш сыр жасырынып жанарда,
Жолға түсіп ессіз елең-алаңда,
Табар, мүмкін, кім білсін?!.
Бақытты боп бүлдіршін,
Алаулатсын арманын,
Сезіміне салма мұң!..
Мен түсінем,
Түйсік тыңға тартады,
Кеңге салып арсаланған арқаны.
Сеңгір едім,
Ұсынса қол жетпейтін,
Өндір едім, -
Нұрға, жырға көктейтін!
Сараңсыды махаббаттың мәрт әні,
Ораларсың...
Оралмассың, күтемін
Таусылғанша тіршіліктің талқаны?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу