Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  78


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Соңғы кезде қиялым қиялданып...

Соңғы кезде қиялым қиялданып,
Жалғанымнан жаңылам жиі алданып.
Пенделіктің пердесін жыртып тастап,
Арманымды кетсем бе қиянға алып?..
Қиян қайда?..
Ол жағы жұмбақ маған,
Үкілеген үмітім үн қатпаған.
Терезесін көңілдің тамшы түртсе,
Тылсымының тынысын тыңдап қалам.
Шарқ ұрады шау тартқан шағым мына,
Сәбилігін сары уыз сағынды ма?..
Жіпке тізген жылдардың көгенінен
Көңілімнің іздері табылды ма?!.
Табылмады,
Жапырақ жасырады,
Түн ұйқымды төрт бөліп қашырады...
Аттан түскен ақсақал – Арманымды
Сағыныштың самалы асырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу