Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  92


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Шақырсам, «Пірім», келмейсің....

Шақырсам, «Пірім», келмейсің,
Мезгілсіз маза бермейсің.
Шабыттан шаң шығарып,
Мойыныңа ілмей бұғалық,
Өлең боп өрге өрлейсің,
Аққулы айдын көлдейсің...
Қызулы күннен нұр алып,
Бойжеткен қыздай бұралып,
Жүректің төрін төрлейсің,
Таңғы шықтай терлейсің...
Келмеске кетсем жол алып,
Сен басқаға оралып
Қонасың,
Бөтен боласың,
Өртенсе де өзек өлмейсің!..
Сапырылған саумалдай,
Көктен нұр боп жауғандай,
Нөсер жырға шөлдейсің?!.
Әйтеуір,
Мені ұмытпа,
Өзіңмен бірге ұлықта!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу