Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  93


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жан иесi жалғанының қонағы....

Жан иесi жалғанының қонағы,
Жұлдыздары аласа,
не жоғары...
Қиялымның қанатында кетсе де,
қайта айналып ұясына соғады,
тұғырына қонады.
Тал бесiк пен Жер бесiктiң арасы,
бес саусақтың тарамдалған саласы,
Тары түйiп, талқан тартқан тiрлiктiң
айырылмас қарасы мен аласы...
Шыжғырса да шiлiңгiрдiң от демi,
Қияметте қимайтының көп, тегi!
Бесiктегi нәрестенiң уiлi,
Кекiлiңдi тараған жел гуiлi,
балалықтың балаусадай бал шағы
оралмайды ,
ұзарады алшағы...
Қайрылмайды жiгiттiктiң Көктемi.
Тұлпар– тағдыр аламанда көсiлiп,
тұяғында шаң– топырақ есiлiп,
шарасынан төгiлгенде шат үнiң,
ұмытасың пәниiңнiң ақырын...
Уақытты уысыңда уыстап,
аруақты арқаң құрыстап,
Ойламайсың жол қаларын кесiлiп.
Ойладың не,
Ойламадың,
өттi өмiр...
Көсегеңе жетпей тұрса Көкте нұр?!
Жүрегiңнiң жылуына жанығып,
Жеңiл мұңға малынып
демiкпесiн өкпе құр!..
Жөнiңдi бiл, Жетпегiр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу