Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  100


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Уысында уқаланып уақыттың...

Уысында уқаланып уақыттың,
Таяғанда ұясына батып Күн,
Алладан сауал сұрадым:
«Тұрағы қайда Бақыттың?..»
Алла маған тіл қатты,
Уыздай ұйыған уағызын тыңдатты:
«Соқырланбай сезімің,
Көкіректің көзі – мұң
Тартпаса,
Алланың құлынан,
Адамның ұлынан –
Асылық артпаса,
Күдерді үзбесең,
Ізгілік іздесең,
Ібіліске көз сүзбесең,
Раббым деп тілдесем!..
Жәннаттың нұрын
шашып тұрам,
Есігін ашық қылам...
Сонда
Жаныңда жұмақ сақып Күн,
Тылсымы– терең жаһұт Түн,
Үңілсең жүрек түбіне,
Ұясын табасын Бақыттың!..»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу