Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  73


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жұмақтың ба...

Жұмақтың ба,
Тамұқтың ба ішіндемін?..
Ұнаттың ба,
Құлап мұңға?..
Түсінбедім, бұйырмасын!
Сағым болып,
Жалын толы
Үміт лебі құйылғасын,
Дүлей долы,
ҮРЕЙ ЖОЛЫ
Құм үйіріп құйындасын...
Қоюланып,
Бойымды алып
Қаным судай сұйылғасын,
Батылдыққа қадам бастым,
Бақытыммен амандастым!..
Білгем,
БАҚЫТ бар екенін,
Қыл көпірден тар екенін...
Есіме нұр жиылғасын,
Тәңіріме сиынғасын,
Арбалудан,
Алданудан тыйылғасын
«Түсін!»- дедің...
Түсінбедім,
Бұйырмасын?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу