Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  110


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Тереңге тартқан тамырдың

Тереңге тартқан тамырдың
таязда тегі табылмас.
Шағылда сары сағымның
елесі түптеп танылмас.
Сынбаса сыны сағыңның,
Ақиқат беті жабылмас.
Таба алмай түпкі тегімді
тереңге таман телмірдім.
Тәңірім тұтқан Көгімді
төңкеріп төске төндірдім.
Көтерген көктем көңілді
күдікпен басар мөлдір мұң.
Жұлдыз да жарық, Ай жарық,
Күн шықса, көкте жоқ бәрі.
Сәуленің сұғын найза ғып,
Шашырар жүрек оттары.
Бәйгенің бәсін тай жарып,
Тұлпардың туы тоқтады.
Тегімнің қайда төркіні
Тентіреп іздеп табатын?
Көгілдір әлем көлкіді,
Керіле жайып қанатын...
Өзегі– жалын, өрт-үні
тосады ұрпақ
тағатын.
Тереңде тектің түйіні
тағдырын талдар түріктің.
Баяны бұққан бұйығы
көмбесін қазып күдіктің.
Ұрпақтың ойы ұйыды,
үрейден үміт үріктің?!
Тұңғиық түнсіз тер
еңім,
бойламай батып барамын.
Бекзада бақты берерің
болады, үлес алар күн!
Көгілдір көктің кемерін
кеміріп, тағат табармын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу