Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  91


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сағынамын

Сағынамын,
аңсаймын,
аһ ұрамын!..
Ауылым-ау,
аман ба атырабың?
Сары қымыз
Сары уыз сезімімді
шарасында
санамның сапырамын...
Аласарып
арманым бара жатса,
Ауылымның
аруағын шақырамын.
Қиялымның,
ойымның тәттісіне
Бақытымның
бармағын батырамын.
Олжам болса
оралған сапарымнан,
Сәлем-сауқат
өзіңе татырамын...
Құйынды өмір
Сапырған сындарында
Жолатқан жоқ,
Ұланың атына мін!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу