Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  115


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

«Ажал араны»

Саңырауқұлақ сар түтiн
ажал боп аузын ашады.
Тұманды тiрлiк арты түн,
Тағдырдың тiнi тасалы.
Жұтылып жатыр тiрлiгiм,
Жатырда жарым ес болып.
Аспанның ыстап түңлiгiн,
Бомба боп ажал көштi өрiп.
Құстың да күйiп қанаты,
Құлайды көлге жете алмай.
Соңырауқұлақ – дарақы
Өртiнен жатыр өте алмай.
Дегелең қаққа айрылып,
Қаратас құрттай қайнайды.
Тiрлiктiң тiнi шайлығып,
Жүрегiн қайғы байлайды.
Сұққылап сәуле – инелiк,
Тандырды естен тiрлiктi.
Қара жер нандай иленiп,
Аспанның асты дүрлiктi.
Күннiң де көзiн шаң басып,
Сәуленiң сағын сындырды.
Тән курап,
Бойдан жан қашып,
Жалғанның жаны шыңғырды.
Қаңсиды курап кеңсiрiк,
Таусылып атар насыбай...
Заманнан келген көршi ғып
Барады жерден қашып Ай.
Қорқыттың көрi көбейген,
Барар жер,
Басар тау да жоқ...
Өктемдiк көрген өгейден
Ауыру да көп,
Сау да жоқ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу