Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  89


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Қайран, өмiр, сырың көп...

Қайран, өмiр, сырың көп,
сыралғысыз өтедi.
Аузыңдағы жырың боп
Жүрсем,
сол да жетедi.
Талпынамын таңдарға ,
Қауырсыным жетiлмей.
Алыс, жақын арманға
жаутаңдаймын жетiмдей.
Тiршiлiгiң алайда ,
қағады екен тобықтан.
Шарасызға шарайна
қисық– қыңыр жолыққан.
Тұрақсыз ,
тексiз, уақыт,
Алдың тұман,
Соңың нұр...
Жүрегiмдi өзiң уатып,
шабытты шаққа шомылдыр?!
Шалқұйрық сынды шабыттың
тесейiн түпкi көкейiн.
Астында қалмай табыттың ,
үстiмен көктей өтейiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу