Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  107


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Өміріме өкпем жоқ артатұғын...

Өміріме өкпем жоқ артатұғын,
Қатарым көп, дей алман жалқы ақының.
Жылдарым да қамшының өріміндей,
Бір-ақ сәттік тарамыс тарқатылым.
Қақпай көрдім дей алман тұрмысымда,
Келіп-қайтып жүреді жылқұсым да.
Ойсыраған күндерім болған шығар,
Түсі суық оқпанның ұңғысында.
Заманыма шағынып зар илемен,
Табиғаттан ақынға дариды өлең.
Еркелеткен елімнің арқасында,
Қонақ болып жүремін әр үйге мен.
Мәңгілік жоқ, бәрі де алданышың,
Алауыңды жағасың арман үшін.
Мәңгілік тек рух пен шыбын жаның,
Жаратылған дүиенің жалғаны шын...
Ғарышқа да барасың, қаңғырасың,
Тозаң қосып тозақты шаң қыласың...
Топырақтың астына тәнің түсіп,
Рухыңды ұрпаққа қалдырасың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу