Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  89


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Аласарып қалғансың ба...

Аласарып қалғансың ба,
Боранбай?...
Басыңа бұлт оранбай?!
Марал мүйiз қарағаның шоқпардай
болушы едi,
ал тобылғың томардай.
Солқылдаған саумалдығы сырықтай,
тарғыл жуа құрықтай...
Шалқаласаң шалғынына оранып,
Жiбермейтiн тынысыңды тұнытпай.
Жас бұлақты,
тас бұлақты кәрiлiк
иектептi тұма көзi жабылып.
Көлеңкесiз көңiлiңнiң көрiгiн,
келiп едiм сағынып,
Жүрек қалды жабығып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу