Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  89


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Өмірімнің кеткенде өтіп өткелін...

Өмірімнің кеткенде өтіп өткелін,
Көкорай боп көлеңкеңде көктедім.
Шаттығымның шапағына шомылып,
Қуаныштың құшағында кеткемін.
Жүрегімнің жамыраттың жырларын,
Қошғ аман бол, көгершіндей көктемім.
Қош-аман бол,
Қайта айналып көрмесем,
Жалғаныма кетпегені енді есем?
Өлеңіммен өзегіңді сусындат,
Шағыл күнде шөліркесең, шөлдесең.
Туған жердің топырағында түлеген
Махаббатым, мәңгі жаса, өлме сен!
Қош бол, Көктем
Көгілдірім кеш келген,
Ойда туып,
Қырға шауып,
Төске өргем.
Сенің сәттік жылуыңа жылынып,
Кетіп барам керуен тартқан көштермен.
Жарылмаған жүрегімнің жырын ұқ,
Ұрпақ болса есімімді ескерген.
Неге келдің,
Неге кеттің,
Білмедім?!.
Бақытыңның бақшасында гүлдедім.
Шаттығымның шаңырағын көтеріп,
Ошағымның отып үріп үрледің...
Қарағайдың қарсы біткен бұтағы ем,
Байыбына бара алмаған бүлденің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу