Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  117


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Саған келдiм

Саған келдiм
табам ба деп таяныш,
Бiр– бiрiмiзге бiлдiрейiк аяныш.
Балақ түрiп,
Жалаңаяқтанайын,
табанымды қытықтасын баялыш.
Мен де...
Сен де күз күнiндей жуасып
қалыппыз ғой ,
жайымызды сұрасып!?
Iздеп келдiм балалықтың iздерiн,
табылар ма күлге көмген қу асық.
Тiнткiлейiн тобылғы мен бүргендi,
Балалықтан байқалар ма бiр белгi?!
Жусанымның жұпар иiсiн жұтайын,
Баяғыдай түрiп тастап iргемдi!..
Баяғы жоқ...
баяны жоқ, ұмытпа!
Асау арман тоқтағандай құрыққа?!
Емiренем ескi ауылдың орнына,
Сиырдайын мөңiреген тұлыпқа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу