Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  79


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Ақ бас шыңдар аппақ шыңдар күмiстей...

Ақ бас шыңдар аппақ шыңдар күмiстей,
Күн сәулесiн сiмiредi суаттап.
Табиғат па шектелетiн нұр iшпей,
тiршiлiктiң күнгейiнде шуақтап?!
Миллион тамшы бiр арнаға жиылып,
Жоныменен жүгiредi қынаның.
Ақ бұлақтың қойынына құйылып,
тұла бойын жiбiтедi тұманың.
Күмiс таспа күн көзiне шағылып,
Құлдилайды сай табанын қытықтап.
Ақ моншақты ақ бұлақты сағынып,
Мұзтау жаққа жалтақтайды күтiп бақ.
Құланиек таң артынан Күн шығып,
Алтын сәуле ақ бас шыңды жалайды.
Мұздап жатқан мұздан аққан тiршiлiк
жан боп,
қан боп тамырларға тарайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу