Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  86


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Алғашқы жұтқан ауаңның

Алғашқы жұтқан ауаңның
кермегiн тартқан кезiңде,
Жауабын таппай сауалдың,
Салмағы түстi – ау сезiмге?!
Өмiрге ендiң зар илеп,
Сақина салды салқындық.
Көңiлiң көксеп ғанибет,
Қаладың жанға жарқын құт.
Аярлық және баялық
жолықты көздi ашқаннан.
Ораған қымбат жаялық
ырқыңа шалма тастаған.
Лүпiлдеп соққан жүрегiң
«Бекер – ақ келдiм!» - дедi ме?!
Түркiнiң елi тiрегiң,
тудың ба тартып тегiңе?
Шикi өкпе қалпың торалып,
тiлдестiң тiрi ғаламмен...
Бататын Күнмен жоғалып,
Өмiрден өтiп барам мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу