Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  75


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Көктем

Көктем,
Сенен күткенім де көп еді,
Жадыраған жүзімді жел өбеді.
Сезімімнің көзінен жас тамшылап,
Саусағының көбелерін сөгеді.
Саулығымның сауырынан сауылдап,
Алынбаған ащы терін төгеді.
Жазым,
Сенен күтіп едім шаттықты,
Аңқам кеуіп, аңсарым да аптықты.
Барымтаның бауырында булыққан,
Баянымның базарында бақ мықты.
Тірлігіме тікпесем де ту қылып,
Жүрегіме жолатпағам жаттықты.
Күзім,
Сенен күтіп едім жақсылық,
Тағдырым да төмендеді, тақ сынып...
Тамырынан тартылғанда тіршілік,
Таңдайымда тобарсыды тапшылық.
Жындарымен жылағанды жұбатар
Күндерім де құрып кетті бақсылық...
Қысым,
Сенен үміттеніп едім мен,
Жұбатар деп жүрегімді егілген.
Көкжиекке күнім батып барады,
Кебіндікке нұрыңды бер төгілген.
Жолдарымның жазылмаған парағы
Кебенектің көйлегіндей көрінген.
Орын сыйла көрден емес, көгіңнен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу