Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  88


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

«Мен келем!» - деп

«Мен келем!»- деп
Талай ақын жар салған,
Тірлігінің
Топалаңы қарсы алған...
Тобырының
Тозаңына тұншығып,
Сансырады
Сапырылған сарсаңнан.
Келді...
Кетті...
Жалғанынан жоғалды,
Ерте,
Кеш пе...
Ат-арбасын доғарды...
Өзегінде
Өртенген от өлең.
Болашақтың
Бодауына жоралғы.
Дана да өткен
Дүниені таң қылып,
Диуана да
Ойда, қырда қаңғырып,
Жұрттың
Жетіп жүрегіне жырлары,
...ақын қалды мәңгілік!..
Ақын келді...
Ақын Елдің
Қадірменді қонағы!
Күні көркем,
Айы алтын,
Жұлдыздары жоғары...
«Мен келдім!»- деп
Жар салғанмен
Дүниеден
Ақын кеткен жоқ әлі!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу