Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  89


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Дүрсілдейді жүрегім,

Дүрсілейді жүрегім,
Дүрсілдейді,
Мұң оранып,
Айқайсыз аттандайды...
Көктемнің де көзінен
Нұр сіңбейді,
Жатырында
Жабырқап жатқан қайғы.
Тұмар-өмір
Тұғырда тұрсын, мейлі,
Шәйі көңіл шайлыққан,
Шаттанбайды.
Көңіл күлсе,
Көкірек күрсінбейді,
Найзағайдың
Отынан сақтанбайды.
Күйіп кету...
Оңай ғой күйіп кету,
Андыздаса
Аспанның алапаты!?
Бағанасын
Беделдің биіктету
Шариғаттың
Шырайлы шарапаты.
Салихалы
сәніңді сүйікті ету
махаббаттың
мамықтай марапаты.
Ұңғысына ұрынбай
Ұйықты ету
Жарылмаған
Жараның жарақаты.
Жарылады,
Ем қонып жазылады,
Тән жарасы
Тауқымет түсірмейді.
Жан ауырса,
Азабы азыналы,
Арманыңның
Ақ құсын ұшыр, мейлі?!
Базарыңның
Қызығы базыналы
Бола алмайды,
Тірлікті түсінбейді.
Қиялыңның
Қойнауы қазыналы
Қалыбында
Кептелген құшыр бейілі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу