Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  81


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Керегі жоқ темірің де...

Керегі жоқ темірің де,
Терсегің!..
Қалаймын мен
Еңкеймеуін еңсенің.
Теңдігімді
Сұрағамын ақырып,
«Ақыным!»- деп
Артқан кезде Ел сенім.
Бір жапырақ
Қағазбенен анықтай
Алмайсың сен
Төккен тердің өлшемін.
Әдетің бар
Көрге бірге кететін,
Мақтап-мақтап
Көме салар өлсе кім.
Керегі жоқ марапатың,
Мақтауың,
Кінәм болса,
Сұрамаймын ақтауын!..
Ақиқаттың
Арашасы боп жүріп,
Мүмкін емес
«ала жіптен аттауым».
Өлеңіммен сусындатам,
суғарам,
өмірімнің
балаусалы бақ-бауын.
Бір ауыз сөз
Керегіңе жараса,
Сол болады
Сеніміңді ақтауым.
Керегі жоқ атағың да,
Даңқың да..
Санатымды
Сақтау ғана салтымда.
Сеніміңнің
Үзіп алсаң сіңірін,
Айырбастап
Ала алмайсың
Алтынға?!.
Өміріңді сүру үшін
өкінбей,
Жолдарыңның
Жүгі жатсын нарқыңда!
Қара жолда
Қара табан із бар ма,
Кетеріңде бір бұрылғын артыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу