Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  74


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Иесіндей дүниенің...

Иесіндей дүниенің,
Киесіндей сүйінерім
Сен тұрғанда, ауылым,
Тасырлайды,
Басылмайды
Жүректе жыр жауыным,
Бойымда дүр дауылым...
Күйінерін,
түйілерін
бағамдасаң қауымым,
Түсінесің Тау ұлың.
Мен ұлысам,
Сен ұлысаң,
шуылдаймыз ұлардай!.
Баба сөзін
бала– сезім
қастерлесе тұмардай,
ұлағатты ұғардай...
Хас ұлдарды,
асылдарды
төбемізге көтеріп,
Ұлықтаймыз ұрандай,
қасиетті Құрандай!
Сағым далам,
лағыл қалам,
мәңгілікке тұр аман!
Жырым болса,
жүрегіңе ұнаған,
Көтер биік тұғырыңа,
Ғұламадай ғұмырыма
пәрменіңді сұрағам,
Жұмақ күтіп Жұмадан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу