Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  150


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Өмір жолы даңғыл емес...

Өмір жолы даңғыл емес,
соқтықпалы,
соқпалы,
Ой-шұңқырдың
опынтады оқпаны.
Жалғыз жүріп
жол тапқанша малданып,
жүрегіңнің
таусылады оттары.
Белгісіздік
билеп алып бойыңды,
Белгілінің
біле алмайсың тоқтарын.
Белгісізді
білмегенің жақсырақ,
Жүре бергін тақ сұрап,
Не бақ сұрап...
Ақиқаттың
алдына кеп жүгініп,
Жанашырдың
ауласына жақ шырақ.
Тары терген тауықтайын күндерді
онсыз-дағы
Жатыр жалған қақшып ап.
Өтіп кеттім
өзегінен өмірдің,
Кенересін
күндерімнің кемірдің...
Саумалдықтай
солқылдаған жастықтың
жалынында шоқтандырдың,
жемір Күн?!
Асуыңа
арманымды арыттым,
Саумалымды сімірдің де,
семірдің.
Қабірімнің
топырағын тырмалап,
Көрпесін де
көпсітерсің көрімнің...
Өмір!
Сенен жеріндім!!!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу