Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  107


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Күрсінбе, Жүрек...

Күрсінбе, Жүрек,
Күрсінбе,
Сағынып елді жүрсің бе?!
Балалық шақтың бесігі –
Ауылда
Қапты құр сүлде.
Сен едің асыл қымбаттым,
Жүрегің сырын таңдаттың.
Көз жасым мөлтілдегенде
Махаббатыңмен құрғаттың.
Жасыймын...
Сен де жасыйсың,
Жусанның жұтпай жас иісін...
Туған жер топырағына
тұлға да,
тұл да бас исін!
Адам ба,
әлде заман ба?...
Шаршаған Ой ма,
Санам ба?!
Сәбилік шақтың соқпағын
келемін іздеп,
Табам ба?!
Өтірік бірі,
бірі шын...
Алдамшы өмір құрысын!
Тозығы жеткен тірлікте
Сен ғана
Мәңгі тірісің!
Қойтастың қойнауларында
балалық ізім барында,
Күрсінбе, Жүрек,
күрсінбе
Жанымды толтыр Жалынға.
Сары күз,
сары даланың
төсінде, Өмір, дамылда...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу