Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  102


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Қызыл – жасыл қырдағы гүл едiңдер...

Қызыл– жасыл қырдағы гүл едiңдер,
Күлге айналған тiрлiк– ау?!
Жандарыңды жасытып жүдедiңдер,
Арман ақсап тұр мынау.
Қанатында қиялдың жүр едiңдер,
Аспандаумен жоғары.
Бозқырауға бозарып гүл ерiндер,
Сары-көңiл көкалы.
Ауырлығы бар шығар әр кезеңнiң,
Ұят өлiн қалатын?!
Туды ма әлде жаннан да ар безер күн,
Тырсылдатып сағатын?!
Тiрлiк – жалған арбайтын қызығымен,
Көлегейлеп пердесiн.
Қаншық – күндер бетiнiң қызылымен
Есiгiңнен енгесiн.
Құшағында тұншығып күйкiлiктiң,
Қығалдақтар қуарды.
Өз отына оранып үйтiлiп күн,
Тамыр толмай суалды.
Суық сорды,
Жел үрдi,
Күн қақтады,
Дән қауызын аштырмай.
Махаббаттың уызын ұрлап таңы,
Талап жатыр қасқырдай.
Ай қорғалап,
Түн жылап,
Күн тұтылып,
Арман өлдi ертерек,
Жапырақтың жүйкесi жүн түтiлiп,
Кекiлiн кестi келтелеп.
Ерте солған бақшада гүлдерiм – ай,
Жапырағы сарғайып...
Күндерi жай,
Балқыған түндерi майөмiр өттi, бар ма айып?!
Көңiл қалды зар жайып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу