Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  77


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жарым - жарты өмiр...

Жарым- жарты өмiр,
Жарымжансың, көңiл,
Қашан бүтiнделесiң,
Неге күтiнбегесiң?!
Тағдыр– көген темiр,
Күнiңдi жеген жемiр.
Жарытпайды жарты,
Арықтайды арты...
Бақыт жол қарайды,
Уақыт қорғалайды.
Аспандайды нарқы,
Шашқан қайғы салты.
Бүтiн белiн үздi,
Түтiндi өрiм сызды...
Аясы жоқ аспан,
Саясын тат басқан.
өршiл елiм iзгi.
Көршiледi күздi.
Күзгi қабақ салқын,
Бiздi қадап жалқын,
Бауырларды жалмап,
Ауырлады салмақ.
Жезге айналды алтын,
Көз байланды, халқым.
Бүйрек бүтiнделмей,
Сирек түтiн керней,
Ауырады шаншып,
Дау ұрады жаншып.
Тiрлiк үкiм бермей,
Жүрдiк күтiм көрмей.
өкпе жоқ менде,
көп те де жоқ, емге!
Тыртық, кесiк- өмiр,
Жыртық– тесiк– көңiл.
Ер қарайды жерге,
Қорғалайды пенде...
Мен де, Сен де...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу