Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  110


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Шабыт

Шабыт,
Алайда-дүлей бұлқынып,
Желiдегi құлындай жұлқынып,
Бой бермей кетесiң.
Жiгерiмдi жұқарған,
Мұратымды мұқалған
Жетiлдiрiп жетесiн,
«Әулиеге ат айтып»,
қабырғамды қатайтып,
Қай қиырға жетесiң?!
Сағалдырық салынбай,
Ауыздығың алынбай,
Тiзгiнiңдi саумал– саумал сүзесiң.
Тау текесi сияқты,
Тасқа iлдiрмей тұяқты,
Шұбатылған шылбарыңды үзесiң.
Қара желдiң өтiнде
Толқын атқан бетiнде
Айдын көлде жүзесiң.
Тау толқындар тықсырып,
Долы дауыл ысқырып,
Лақтырады жаңқадайын жағаға.
Кереге– қанат жайылып,
Кекiлiн дауыл қайырып,
Шаңқылдайды шабыт тiлеп шағала.
Дауыл атын доғарып,
Жауын сiңiп жоғалып,
Шағала– шабыт, шаршадың.
Шаң-тозаңнан аршып ап,
Тастың терi тамшылап,
Аңқыйды иiсi аршаның...
Дүние дел-сал дiңкелеп,
Ақ бұлттың көзi сiркелеп,
Сызылып тұрды ханша-Күн!
Қанатын жайды хан-сағым...
Уһ, шаршадым!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу