Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  81


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

«Тiршiлiк»

Тiршiлiк, әй, тiршiлiк!
Жатырмысың топаныңа тұншығып?!
Өлтiрiп те, тiрiлтiп,
Таң атады, күн шығып...
Ойсыз болсам, өлгенiм,
Қарасын да көре алмай көмбенiң.
Таспа тiлiп қайыстан,
Қамшы өрiп көрмедiм.
Тiршiлiк, әй тiршiлiк!
Жатырмысың керi кетiп қырсығып?!
Қоналқаға қона алмай,
Сағым менiң тұр сынып.
Қоналқаға қона алмай,
Бармен байып,
Жоғымды iздеп жоғалмай,
Ыңыранып ымыртта арбам келедi,
Ат– көлiгiн доғармай...
Тiршiлiк, әй, тiршiлiк!
Тiрлiгiңе бойым да тұр түршiгiп.
Тарамысыңа iлiнiп
Сен де тұрсың күрсiнiп.
Күнiмiз қалай болар екен?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу