Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  93


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Терiскей желi тiкендей...

Терiскей желi тiкендей,
Маусымның майын қатырды.
Көмейi түнде бiтелмей,
Мезгiлсiз әтеш шақырды.
Аспанда бұлттар аунайды,
Сары жел қобыз сарнатып.
Түйiлiп келiп жаумайды,
Шаңырақтан өтер шаңдатып.
Төбенiң басы сарғайып,
Суық жел сыйпар қотырын.
Жанардан ұшты жаз ғайып,
Жүректiң тұтты оты мұң.
Шiлденiң сұрқы шiлiңгiр,
Шыққандай дала бұлаудан.
Жанары Күннiң бұлыңғыр,
Сүсап тұр шөлден мынау маң.
Тартылып аспан желiнi,
Суалды қысыр сыйырдай.
Тентiреп тiрлiк телiмi,
Барады бақыт бұйырмай.
Тамызда тамбай тамшы бiр,
Тарылтты жердi талқыдай.
Арық атқа ауыр қамшы бұл,
Маңдайы тұрған балқымай.
Айналды Заман аусылға,
Сiлекей сұйық шұбырды.
Көк майса кеуiп маусымда,
Құдайдың бетi құбылды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу