Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  91


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Дүниеден өтер бар ақын...

Дүниеден өтер бар ақын,
Аққудай қағып қанатын.
Құдайдың өзi бергенге
Көз қырын жиi салатын,
Қырына жиi алатын.
Құлдырап жүрiп құлындай,
Үзiлiп түсер жұлындай.
Тiрiде және өлгенде
Еркелер кенже ұлыңдай.
Көрiнер шыңнан... қырқадан,
Қылықтарына жұрт алаң.
Өмiр мен ойнар, болған соң
Құдайға жақын бiр табан.
Жындының кебiн киiнiп,
Перiште көнiл сүйiнiп,
Өмiр мен өлiм арасын
Желiмдеп жүрген күйiн ұқ.
Құдайдың сүйген пендесi,
Дүниеде жоқтай теңдесi,
Құйындап өтiп кетедi,
Көр
інбей көзге көмбесi.
Сүйегi кейде сырқырап,
Жүрегiн кейде жыртып ап,
Тоса алмай тоқтар сағатын
өтедi будай бұрқырап.
Дүниеден өткен бар ақын
Жұмаққа тура баратын...
Жусандай иiсi бұрқырап,
Өлмейтiн өлен қалатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу