Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  86


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Күндерiм

Күндерiм,
қаласың қол бұлған,
Кетемiн талқаным таусылып.
Мұнарда мұнайып мөлдiр бақ,
Құшаққа алмайды қаусырып.
Жылатып...
Күлдiрiп күнiмдi,
Бiлмедiм өмiрдiң өткенiн.
Тұғырда тұсамай тынымды,
Мекендеп жөнелдiм көк төрiн.
Уақыт бiтпейдi,
Мен бiтем,
Өлшеулi өзектi өмiрiм.
Сезiмдi самалмен сергiтем,
Тарқатып тiрлiктiң өрiмiн.
Мүмкiндiк барында қол алып,
Кеудеңдi кеудеме түйiстiр.
Бiр күнi кетермiн жоғалып,
Телпегi тiрлiктiң қиыс тұр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу