Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  109


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

САРЖАЙЛАУ

Аяғымды қажатып алтыныңа,
Өскен едім сары жон салқыныңда.
Ағажайдың елітіп əуеніне,
Нажағайдың елітіп жарқылына.
Қайырмасы:
Бабамның қонысын-ай,
Далаңның сонысын-ай.
Құстардың əні тынбай,
Келемін бəрін тыңдай.
Сағындым сар жайлауым,
Берсеңші қол ұшыңды-ай.
Ата жұртын амандап ар-ұжданды ел,
Ақиық балапанын баулыған жер.
Əкем отау көтеріп он бесінде,
Шешем жасыл желегін жамылған жер.
Қайырмасы:
Əнім де өзің, сар жайлау, күйім де өзің,
Қойнауыңа құт қонған үйір едім.
Сары ала қаз секілді көлді аңсаған,
Жиі іздедім, мен сені жиі іздедім.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу