Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  96


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚАРЫНДАСЫМ, ШЫРҚА ƏНІҢДІ

Нəзік əнің аспан шарлап асқақтап,
Жүрегіме кеткендей бір шоқ тастап.
Тебіреніп менің өтті-ау қиялым,
Шыға келді-ау пəк сезімнен ойқастап.
Қайырмасы:
Шырқадың сен партияны дананы,
Бақыт құшқан балалар мен ананы,
Шырқадың сен бейбітшілік жырларын,
Сенің əнің жанды билеп алады.
Шырқадың сен жеңістерін шахтаның,
Қарт шопанның малды қалай баққанын,
Шырқадың сен досқа деген жүректе,
Махаббаттың телегейі жатқанын.
Қайырмасы:
Қарындасым шырқа əніңді күлімдеп,
Қарай берем өр тұлғаңнан сыр іздеп,
Сыр іздеймін, жыр іздеймін тамаша,
Ойланамын, толғанамын күбірлеп.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу