Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  154


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

МӨЛДІРІМ

Мөлдірім, немеремсің мөлдіреген,
Тұмарғып тағайыншы мен бір өлең.
Қыранның толқынына шомылдырып,
Жағада əжең отыр елжіреген.
Қайырмасы:
А... а... а... ай...
Аталаған тіліңнен,
Апалаған үніңнен.
Айналайын немерем,
Бір жығылып, бір тұрып,
Алдымыздан жүгірген.
А... а... а... ай...
Бір үйдің базарысың, назарысың,
Мұратым, қуатымсың, ажарымсың.
Бөпем-ау, талпынасың отау жаққа,
Əкеңе апарайын барамысың?!
Қайырмасы:
Мөлдірім немеремсің мөлдіреген,
Тұмарғып тағайыншы мен бір өлең.
Ардақтап ата жолын өс, құлыным,
Туы боп арманымның желбіреген.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу