Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  93


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚОРМАЛ АҒА1

Қайда жүрсе халықтың қамын жеген,
Қормал аға – ақ айдын, ағынды өзен.
Əділеттің жығылмас туын ұстап,
(Ой-пікірің ешкімге) (2 рет) бағынды емен.
Қайырмасы:
Күн дидарлы жақсы аға,
Жаз дидарлы жақсы аға.
Аяз бидей (ақылман) (2 рет)
Абылайдай баспана,
(Абылайдай) (2 рет) баспана.
Білім іздеп шөлдесек, бірлік іздеп,
Сізді алдыға ұстаймыз үлгіміз деп.
Ел ағасы атану азаматқа,
(Мəртебенің бəрінен) (2 рет) биігірек.
Қайырмасы:
Қонғанымен ауылым күрең белге,
Əлі алда ат басын тірер көмбе.
Көшбасшыға көреген, халық мұқтаж,
(Шарапатың жақсы аға) (2 рет) тиер елге.
Қайырмасы.




1 Ел ағасы, қоғам қайраткері Жанəбіл Смағұлұлына арнау




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу