Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  93


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

НАУРЫЗ КЕШІ

Боз талы бүршіктеген,
Аққу наз құшып көлден.
Зеңгірден тыраулайды,
Тырналар ұшып келген.
Қайырмасы:
Сөгіліп тау іргесі,
Тізіліп ауыл көші.
Сəніміз сайын дала,
Əніміз наурыз кеші.
Наурыздың ала қазы,
Секілді дала жазы.
Ауылға көрші қонып,
Ауылда қалады əні.
Қайырмасы:
Қой қоздап, бота боздап,
Малшының атағы озбақ.
Ауылдан барлық көңіл,
Ақ бата айтар арнап.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу