Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  133


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АТА ҚОНЫС

Шешем желек жамылып, қой сауған жер,
Əкем жылқы қайырып, əн салған жер.
Ата қоныс сағындым тұғырым-ай,
Арманыма ең алғаш жол салған жер.
Қайырмасы:
Бабамның басы қалған,
Атамның асы қалған.
Тұлпардан тұяқ қалған,
Қыраннан қияқ қалған.
Киелі қоңыр тауым-ай,
Бабалар сияқтанған.
Тұлпарыңнан шабыс ап аяқтанғам,
Қыраныңнан шабыт ап қанаттанғам.
Əн үйреніп сайраған бұлбұлыңнан,
Орманыңнан ой алып талаптанғам.
Қайырмасы:
Сері мекен құлпырған, сетер мекен,
Бал таматын тасынан шекер мекен.
Барып қайтқым келеді сағынғанда,
Жер ұйығы өзіңе жетер ме екен.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу