Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  127


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АЛТАЙЫМ

Ата мекен Алтайым, алтын бесік,
Өр төсіңде біз жүрміз алтын кешіп.
Қыран, Ертіс сүт аққан омырауың,
Таңданады дүние даңқыңды естіп.
Қайырмасы:
Қыран ұшқан көгіңді,
Айналайын, Алтайым.
Тұлпар асқан беліңді,
Аймалайын, Алтайым.
Ну орманмен сахараң жұрындалған,
Көктемде төгеді гүлің маржан.
Өнер қуып шыңыңдай еңселі өскен,
Қызыңда арман бар ма екен, ұлыңда арман.
Қайырмасы:
Ата мекен Алтайым, алтын бесік,
Өр төсіңде біз жүрміз алтын кешіп.
Мақтанышпен қараймыз келбетіңе,
Заманымда келеді даңқың өсіп.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу