Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  119


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚҰЛПЫТАС

Жастығыңдай жүретін басқа қойып,
Бір құлпытас орнаттым тастан ойып.
Жазылған сөз, жамылған бөзден басқа,
Жарым, енді не керек басқа байлық.
Жасайтұғын десек те рух қалсын,
Сенсіз көрген күндерім құрып қалсын.
Сені тағдыр қасымнан құлатса да,
Құлата алмас жүректің құлпытасын.
Басыңдағы бұл менің ескерткішім,
Өткен күндер келбеті еске түссін.
Бақидағы «баспанаң» ғасырлардың,
Табанында жоғалып кетпес үшін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу