Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  154


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЖАР ЗИРАТЫНЫҢ БАСЫНДА

Сен барда ылдиламай, төске өрлей,
Жүруші ем ешкіміңе дес те бермей.
Сен кеткен соң қайтейін басым қатып,
Тұрады ылғи бір нəрсем жетпегендей.
Тұлпарымның құрғатпай тебінгісін,
Күрес жасап келемін өзің үшін.
Сен кеткен соң қайтейін бағым қайтып,
Жеңісімнен көбейді жеңілісім.
Сезілмепті өзіңмен аласалық,
Ала алмадым бəйгені дара шауып.
Сен кеткен соң қайтейін дұшпаным,
Күніне бір кетеді шала шауып.
Не болса да деуші едің турасын айт,
Жалған сөз салмағына қурай сынбайт.
Кейбіреулер мені əлі жек көргенмен,
Халқым бірақ ақын деп, құдайсынад.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу