Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  90


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

СЫРҒА ҚАЛҒАН ЖЕР

Түнгі той тарап еді таңға жақын,
Жігіттер мінді-дағы таңдап атын.
Қыздарын көрші ауылдың шырқ иірді,
Өзеннен өткізбек боп арда ағатын.
Қосылып өкпе-назға, қыз күлкісі,
Үркеді омыраулап түз жылқысы.
Камзолдың қоңыраулап моншақтары,
Жағада бұлғақтайды құрбы үкісі.
Таң аппақ, өзен аппақ, қыздар да аппақ,
Өткелге аттар түсті сырғанақтап.
Өзеннен өтсем басым айналад деп,
Қыз келед құшағымда шыжалақтап.
Кім білген қалжыңы ма, расы ма?
Жан өртін өшірмек пе, мына суға?!
Өкініш,
қайталай қыз келмей қойды,
Жоғалған соң бір түнгі сырғасына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу