Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  85


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҮРІМЖІ

Сəлем саған, Үрімжі,
Сағындырған аңсатып.
Жатырқамай ұлыңды,
Жадыратшы жан тартып.
Жыл қайыршы жасыма,
Жасарсын көңіл, жан елтіп.
Ұялып тұрмын шашыма,
Келгеніме ақ ертіп.
Қойныңда өтті бала кез,
Оған да ойым бөлінер.
Парталас құрбы қара көз,
Қай көшеңнен көрінер.
Көркейтіскен отанды,
Заманға сай бағы бар.
Сабақтастар отауы,
Қай көшеңнен табылар.
Ой-хой, шіркін, Үрімжі,
Жөнім де бар сағынар.
Еркін өскен жырымды,
Еркелетіп қабыл ал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу